Спорт – денсаулық кепілі

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері ҚР президентінің жарлығымен бүгінгі күні елімізде «коронавирус» – COVID-19 вирусына байланысты, ЖОО-дары қашықтықтан біліміндерін алуда.

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата – бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” – деп бекер айтпаған. Сондықтан спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.

Студентеріміз Алға ауданының, Бестамақ ауылында Махсұтов Әділет «Гимнастика оқыту әдістемесімен» пәнінен үй тапсырмасын орындауда, облыстық «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығының тәрбиеленушісі, керлинг спортынан облыстың құрама командасының мүшесі Старилова Мария арнайы жаттығулар жасауда, Ақтөбе қаласында жастар арасында кеңінен таралып келе жатқан Workout-пен шұғылданып жүрген Иманғалиев Аслан қашықтан білімдерін жалғастыруда.