Кәсіби-шығармашылық факультетиндегі Халықаралық академиялық ұткырлық бағдарламасы бойынша Online дарістер

Ағымдағы оқу жылының 13 сәуірінен мамыр айының 6–ы аралығында университетімізде Халықаралық Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Благоевград қаласы, «Неофит Рилски» Оңтүстік-Батыс университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Елена Ставрова (Болгария) кәсіби-шығармашылық факультеті, «Көркем еңбек және дизайн» кафедрасы оқытушылары мен студенттеріне on-line режимінде дәріс оқуда.
Е. Ставрова көптеген елдерде өз тәжірибесімен бөлісіп, экономика және экономикалық процесстерді математикалық модельдеу, мәдениет пен экономиканың қатынасы, әлемдік экономика және қаржылық кризис сияқты тақырыптары жан-жақты зерделеп жүрген ғалым. Ол шақырту бойынша Польша, Чехия, Албания, Греция, Македония, Италия, Франция, Румыния, Вьетнам сияқты елдердің университеттерінде дәрістер оқыған. 100-ден аса ғылыми мақалалар мен оқулықтардың авторы. Көптеген Халықаралық ғылыми жобаларға қатысушы.