Кәсіби-шығармашылық факультетінде Алғыс айту күні мерекесі аталып өтілді

Ағымдағы жылдың 1 наурызында университеттің кәсіби-шығармашылық факультетінде  Алғыс айту күні мерекесіне орай  онлайн дәріс ұйымдастырылды. Тұңғыш Президентіміз Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2016 жылдың 14 қаңтарында «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және арнайы мерекелер туралы» Жарлығына қол қойып, 1 наурыз күнін «Алғыс айту күні» деп жариялады.  Міне биыл осы мерекеге 5 жыл толып отыр. Қазақстан халқы Ассаммблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келген мереке қарсанында елімізде ұлттар бірлігі нығая түсті. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, кәсіби-шығармашылық факультетінің оқытушылары: п.ғ.к., доцент А.А. Сағымбаев пен магистр, аға оқытушы Ш.А.Мухангалиева «Еліме – мың Алғыс!» атты онлайн дәріс оқыды. Дәріске аталмыш факультеттің 1-2 курс студенттері, университеттің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті қызметкерлері, Қазақ халқы ассамблеясының өкілдері қатысты.

Дәріс берушілер Тұңғыш Президентіміз Н.А.Назарбаевтің «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласын ел дамуының жарқын үлгісі, нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат екенін және Рухани Жаңғырудың маңызды алты бағыты туралы айтып берді. Дәріс оқу барысында Алғыс айту күніне арналған шағын бейнебаян көрсетілді. Дәріс соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып,  өз алғыстарын білдірді.