Кәсіби-шығармашылық факультетінің деканы

Кәсіби-шығармашылық факультетінің деканы


Мұхтаров Сабыржан Сағидоллаұлы

Лауазымы: Кәсіби-шығармашылық факультетінің деканы

Ғылыми атағы: Филология ғылымдарының кандидаты

Ғылыми дәрежесі: Доцент

Телефон: +7 (7132) 54-45-52

E-mail: fakultet_prof_tvor@mail.ru

Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы 34, 211 кабинет


 

Филология ғылымдарының кандидаты, доценті Кәсіби-шығармашылық факультетінің деканы. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Алғыс хатының, ҚР Білім және ғылым министрлігін  Құрмет Грамотасының, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін»  төсбелгілерінің иегері.

Негізгі ғылыми бағыты:

Қазақ тіл білімі. Қазақ тілінің морфологиясы, сөз таптастыру мәселесі.

Білімі:

1986-1991 жылдар аралығында Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген.

1997-1999 жылдар аралығында ҚР ҰҒА А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының Грамматика бөлімінде  профессорлар С.М. Исаев пен Б.Әбілқасымовтардың жетекшілігімен 10.02.02.-қазақ тілі  мамандығы бойынша  «Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының қалыптасуы, дамуы» тақырыбында  кандидаттық диссертация дайындап, 1999 жылы қорғаған. 2004 жылы доцент ғылыми атағын алған.

Еңбек  жолы:

Бірнеше рет қайта құрылған Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде  оқытушы, аға оқытушы, факультет деканының орынбасары, ректордың көмекшісі, бірнеше факультеттің деканы қызметін атқарды. Қазір Кәсіби-шығармашылық факультетінің деканы. Ғылыми –педагогикалық өтілі 32 жыл. 150-ден аса ғылыми, ғылыми –әдістемелік, оқу-әдістемелік, ғылыми-көпшілік еңбектің авторы. Олардың ішінде 1 оқу құралы, 2 көмекші оқу құралы, 1 ғылыми мақала скопус базасындағы импакт-факторлы журналда жарияланған.

Қоғамдық қызметі:

Облыс әкімі жанындағы ономастикалық комиссия мүшесі, қала әкімі жанындағы тілдерді үйлестіру Кеңесінің мүшесі, облыстық округтік сайлау  комиссиясының мүшесі, облыс әкімі жанындағы латын әліпбиіне көшу мәселесі бойынша құрылған жұмыс тобының мүшесі.

 


Кәсіби-шығармашылық факультетінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары
Тәрбие–ісі жөніндегі декан орынбасары