Дизайн кафедрасы – Оқу және ғылыми қызметі

Дизайн кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Оқу және ғылыми қызметі

061340 «Интерьер дизайны» мамандығына қабылдау алғаш рет 2003 жылы педагогикалық факультет құрамында жүзеге асырылды. Кафедраға п.ғ.к., доцент Мусалимов Темиржан Кумхаметович жетекшілік етті.

2004 жылы сәуір айында (ЖОО бөлінгеннен кейін) Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің техникалық факультетінде «Дизайн» кафедрасы ашылды. «Дизайн» мамандығы (050421.01– Сәулеттік дизайн, 050421.02–Графикалық дизайн» маманданулары) мен кафедраны ашуға бастамашы және сол кафедраның алғашқы  меңгерушісі Сагимбаев Адилгали Абдигалиевич болды. Ол 2004 – 2010 жылдар аралығында кафедраға жетекшілік етті.

2010 жылдан бүгінгі күнге дейін «Дизайн» кафедрасын п.ғ.к., доцент Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі Моменов Боранбай Мурзагалиевич басқарып келеді.

Дизайн саласының жетекші екі бағыттарының дамуы, яғни әр түрлі стильдегі бағыттармен бағдарлау – жобалаудың маңызды жақтары болып табылады, сонымен бірге ұлттық дәстүрлер айшықтарына басты назар аудару сияқты өзіндік ерекшеліктерге де оқытушылар тарапынан аса көңіл бөлініп келеді. Ұлттық өнер дәстүрлері нәрсенің немесе нысанның жаңа бағыт-бағдарларына байланысты, шынайы дизайнерлік шешімдерімен бірге оны жоғары шығармашылық деңгейде көтеру: яғни заттың немесе материалдың формасы мен оны өңдеу техникасына, көркемдік сюжеттік  мағынасына байланысты әсемдеп өрнектеу тәсілдерін жетік меңгеру болып саналады.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы