7М01404 – Дене шынықтыру және спорт

Шифр – мамандықтың атауы:

7М01404  – «Дене шынықтыру және спорт»

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2020 жылы 7M01404 – «Дене шынықтыру және спорт білім беру» бағдарламасы ARQA тәуелсіз білім беру сапасын аккредиттеу және сараптау агенттігімен 5 жылға аккредиттелді (тіркеу нөмірі HE-SA-000169)

Оқу түрі, мерзімі:

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім:

Ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты – 2 жыл

Бейіндік дайындық бағыты – 1,5 жыл және 1 жыл

Берілетін дәреже:

«7М01404   –  «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі (ғылыми  және педагогикалық бағыт, 2 жыл)

«7М01404   –  Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша білім магистрі (бейіндік бағыт, 1 жыл және 1,5 жыл)

Кәсіби қызметінің саласы:

Бітіруші  түлектердің кәсіптік қызметі әр түрлі салаларда ғылыми және педагогикалық іс-әрекет аясында мамандар даярлауды жүзеге асырады, нақтылап айтсақ:  Жоғары оқу орындарындығы  колледждер, гимназиялар, ғылыми-зерттеу институттар, облыстық балалар және жасөспірімдер спорт мектептері, жүзу бассейндері, жекпе-жек спорт сарайы, Олимпиада резервін даярлау орталықтары.

Кәсіби қызметінің нысандары:

Магистратураны бітірушілердің кәсіптік әрекетінің нысаны:

  • Ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты бойынша:
  • ғылыми-зерттеу ұйымдары;
  • мемлекеттік басқару саласының ақпараттық қызметтері;
  • білім мекемелері;
  • олимпиада резервін даярлау орталығы;
  • ҚР заңдылығына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білімді талап ететін  басқа да мекемелер.

Бейіндік дайындық бағыты бойынша:

  • облыстық балалар және жасөспірімдер спорт мектептері;
  • жүзу бассейндері;
  • жекпе-жек спорт сарайы.
  • жоғары оқу орнынан кейінгі білімді талап ететін басқа да  мекемелер.

Кәсіби қызметінің пәні:

Бітірушілердің кәсіби қызметінің пәні ретінде дене   шынықтыру   мен    спортты   басқару   жүйелерінің әртүрлі компоненттері мен ақпараттық жүйелердің өзін жобалау педагогикалық зерттеу жүргізу, кешенді бақылаудың сандық және сапалық бағалануы, математикалык-статистикалык, педагогикалық, психологиялық және медициналық-биологиялық зерттеу әдістерін пайдалана отырып нәтижелерге талдау жасау, әр түрлі жастағы, жыныстағы тұлғалардың денсаулығын ғылыми негіздеу, жоспарлау, бақылау және дене тәрбиесі процесін спорттық  дайындық  деңгейін   (дене,   әдіс,   тәсілдік,   психологиялық  және қызметтік)  басқару,  сыртқы  ортаның түрлі  жағдайларындағы  спорттық біліктерін байқау, дене   шынықтыру   мен    спортты   басқарудың   түрлі   деңгейінде менеджемент пен маркетингті ғылыми ұйымдастыру, программалық, техникалық және ұйымдық-құқықтық қамтамасыз етілуін сүйемелдеу болып табылады.

Кәсіби қызметінің түрлері:

7М01404 – «Дене шынықтыру және спорт»  мамандығы бойынша магистратура түлектері кәсіптік іс-әрекеттің келесі түрлерін атқара алады:

  • ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты бойынша:
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • ғылыми-зерттеу;
  • педагогикалық;
  • жобалау;
  • бейіндік дайындық бағыты бойынша:
  • ұйымдастырушылық-технологиялық;
  • білім беру;
  • координациялық;
  • кеңес беру;
  • магистранттар даярлығын талап ететін басқа да іс-әрекет түрлері.

Практика базалары:

Ақтөбе қаласы № 2 Балалар жасөспірімдер мектебі, Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті, Быдгощ қаласы (Польша) Экономика университеті, Самара (РФ) мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті,  Атырау қаласы, Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті,  Ақтөбе қаласы  № 4  ОСДЮШОР.

Модульдік білім беру бағдарламасы