Факультет түлектерінің жұмысқа орналасуы

Факультет түлектерінің жұмысқа орналасуы

Факультет түлектерінің арасында республика және әлем чемпиондары, елімізге танымал өнер жұлдыздары, қылқалам шеберлері мен мүсіншілер бар. Соның ішінде самбодан спорт шебері, 3 мәрте әлем чемпионы, доцент А.Шахаров, бокстан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, Азия ойындары мен әлем чемпионы, олимпиада ойындарына қатысушы  Г.Джафаров,  халықаралық  дәрежедегі спорт төрешісі  А.Құлмағанбетов, ҚР самбо күресінің спорт шебері М.Раев, жеңіл атлетика бойынша Азия және әлем чемпионы, «Дене шынықтыру және спортқа еңбегі сіңген» медалінің иегері Байтурин М.А., ҚР Президенттік көпсайыс бойынша бірнеше дүркін жеңімпазы  Тулеуов Ш.Е., ҚР еңбегі сіңген қайтаркер С.Айтбаева, Ш.Қалдаяқов ат. халықаралық ән байқауының гран-при иегері, танымал әнші Н.Абдуллин т.б. бар.

Факультет түлектерінің 77 % тұрақты жұмысқа орналасқан, олардың ішінде 67%  Ақтөбе, Қызылорда,  Атырау,  Маңғыстау,  Батыс Қазақстан облыстарындағы мемлекеттік мекемелерде еңбек етуде.

Факультет түлектерінің жұмысқа орналасуы 88.5% құрайды.

Жұмысқа орналасу туралы мәлімет

Факультеттің мақтаныш түлектері: