Факультеттің жетістігі

Факультеттің жетістігі

Факультет бойынша барлық мамандық ҚР Акредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігі тарапынан мамандандырылған акредиттеуден өтті.

Факультетте 1 ғылым докторы, 23 ғылым кандидаты, 1PhD докторы, 10 магистр жұмыс жасайды, оның ішінде 2 ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, 3 ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін белгілерінің иегерлері, 2 ҚР еңбегі сіңген қайраткерлер, 1 ҚР мәдениет қайраткері, 3 ҚР құрметті қызметкері, 2 ҚР құрметті спорт қайраткері, 2 Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісінің иегері, 1 ҚР дене шынықтыру мен спортының дамуына сіңірген еңбегі үшін төсбелгісінің иегері, 1 «Алтын қайық» марапатының иегері, 1 ҚР мәдениет саласының үздігі, 4 ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі, 5 ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, 2 Еуразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі,  1 «Тіл жанашыры» төсбелгісінің иегері және 1 ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы бар.

Қазіргі таңда факультет бойынша магистратурада – 5, аспирантурада – 2 (РФ), докторантурада – 2 оқытушы оқып жатыр.

Оқу жылында жарық көрген еңбектер

  1. А.К.Дүйсенбаев, п.ғ.к., доцент, Кургамбеков М.С., п.ғ.к., доцент «Педагогикалық мамандыққа кіріспе», оқу құралы, (РОӘК шешімімен) (Алматы, «Эпиграф», 2018 ж.).
  2. Сутеева М.А., п.ғ.к., доцент, Шаштыгарин М.М., п.ғ.к., доцент, Кургамбетов М.С., п.ғ.к., доцент «Оқушылардың бейіндік оқуларын ұйымдастыру» оқу-әдістемелік құрал, (Ақтөбе, Қ.Жұбанов ат.АӨМУ-нің оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімі, 2017 ж.)
  3. Сутеева М.С., п.ғ.к., доцент, Кургамбеков М.С., п.ғ.к., доцент, Маратова А.М., оқ., Тігін бұйымдарының технология негіздері» оқу құралы (РОӘК шешімімен), (Алматы, Эврио, 2018 ж.).
  4. Кургамбеков М.С., п.ғ.к., доцент, Кемалова Г.Б., оқытушы «Көркем еңбекке оқытуда оқушылардың техникалық шығармашылығын қалыптастыру», монография (Ақтөбе, 2018 ж.)
  5. Ә. Сағымбаев, «История искусств», оқу құралы ( өндірісте), Алматы (РОӘК шешімімен)
  6. Райымбергенов А.И., Степанская Т.М. Особенности художественной жизни в Актюбинской области РК в 1920-1960гг., монография, Барнаул (РФ)2018
  7. Зейнуллина Ж.Е., п.ғ.к., доцент, «Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру» монография, Алматы, 2018 ж.
  8. Сибагатова Г.К., Моменов Б.М., Кенжегалиева Д.К. «Технологический подход в проектировании учебного процесса», монография. Актобе Издательский центр АРГУ им.К.Жубанова, 2018 г.
  9. Сибагатова Г.К. «Материалдық мәдениет және дизайн тарихы» Оқу құралы, Актобе: Издательский центр АРГУ им.К.Жубанова, 2018.

Қазіргі таңда факультете үш кафедра жұмыс жасайды:

  1. «Көркем еңбек және дизайн» кафедрасы;
  2. Дене шынықтыру және спорт кафедрасы;
  3. Музыка және хореография кафедрасы.

Материалдық-техникалық базасы

50 лектік және практикалық оқу аудиториясы, 3 компьютерлік класс, сондай-ақ, Н.Тапалова ат.хореография залы, Р.Жаманова ат.музыкалық кабинет, Д.Беркімбаев ат. арнаулы оқу кабинеті, Тілеу Айтұлы мен Қабақ Айтұлы ат. арнаулы оқу кабинеттері, 3 шеберхана, 9 оқу шеберханасы, 3D модельдеуге оқыту зертханасы, 2 спорттық кешен, бассейн, Студенттер Сарайы мен Жастар Сарайы бар.

Мамандықтар бойынша ғылыми дәрежелілік (2018-2019  оқу жылы)

Факультеттің өндіріс орындарымен байланысы: