7М01405 – Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау

Шифр – мамандықтың атауы:

7М01405- «Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау»

Оқу түрі, мерзімі:

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім:

Ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты – 2 жыл

Бейіндік дайындық бағыты – 1,5 жыл және 1 жыл

Берілетін дәреже:

7M01405 – «Визуалды өнер, Көркем еңбек, графика және жобалау» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі( салалар бойынша ) (ғылыми-педагогикалық бағыт, 2 жыл)

7M01405 – “Визуалды өнер, Көркем еңбек, графика және жобалау” мамандығы бойынша білім магистрі( салалар бойынша ), (бейіндік бағыт, 1 және 1,5 жыл)

Кәсіби қызметінің саласы:

7M01405 – “Визуалды өнер, Көркем еңбек, графика және жобалау” магистрлерінің кәсіби қызмет саласы- педагогикалық процесін сапалы ұйымдастыру және басқару, білім алушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдерін белсенді меңгеруіне, білім берудің жеке маңыздылығы, білім беру процесінің білім алушының жеке тұлғасына бағдарлануы, оның өз-өзін ашуы және өз-өзін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету, әртүрлі педагогикалық технологияларды қолдану, білім алушылардың өз бетімен білім алуы мен кәсіби бағдарлануына жағжай жасау; педагогикалық қызметті психологиялық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс құру, өзіндік кәсіби іс-әрекеттерді, оқытудың объективті заңдылықтары мен заманауи талаптарын ескере отырып, кәсіби оқытуды жоспарлау.

Кәсіби қызметінің нысандары:

Магистратураны бітірушілердің кәсіптік әрекетінің нысаны:

7M01405- «Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау» магистрлерінің кәсіби қызметінің объектілері болып табылады:

  • жеке меншік түріне және ведомстволық тәуелділігіне қарамастан, барлық түрдегі және үлгідегі орта білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үдеріс;
  • техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үдеріс;
  • ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалар, кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары.

Кәсіби қызметінің пәні:

Бітірушілердің кәсіби қызметінің пәні білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау болып табылады: зерттеу қызметінде ғылыми-педагогикалық зерттеудің методологиясы мен әдістерін пайдалану; білім алушыларда мета тану қабілеттерін, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ықпал ететін белсенді оқыту әдістерін қолдану, бастамашылық, IT-құзыреттілік; ғылыми зерттеулер; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізу; таңдап алынған ғылыми бағыт бойынша ақпараттық-іздеу жұмыстары болып табылады; ғылыми зерттеулерді орындау үшін жұмыс берушілер мен серіктестерді тарту; ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға, тұтас қабылдауға, кәсіби қызмет саласындағы өмірлік маңызды практикалық міндеттерді шешу үшін бақылау, талдау, болжау қабілетіне бағытталған білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту.

Кәсіби қызметінің түрлері:

7M01405- “Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау” бойынша білім магистрі: кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

  • білім беру (педагогикалық);
  • оқу-тәрбие;
  • оқу-технологиялық;
  • әлеуметтік-педагогикалық;
  • мәдени-ағарту;
  • көркем-өндірістік;
  • Эксперименталды-зерттеу;
  • ұйымдастыру-басқару;
  • ақпараттық-коммуникациялық

Практика базалары:

СШ №56 г. Актобе, Актюбинский гуманитарный колледж, Башкирский государственный университет г. Стерлитамак Актюбинский областной музей искусств, Актюбинский колледжа сервиса.