6В01401 – Музыкалық білім
Шифр-мамандықтың атауы:
6В01401 – Музыкалық білім
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
2017 жылға жоспарланады
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл
Берілетін дәреже:
6В01401-Музыкалық білім беру мамандығы бойынша білім бакалавры
Кәсіби қызметінің саласы:
Білім
Кәсіби қызметінің нысандары:
Жалпы білім беру орталықтары(мектертер, лицейлер, гимназиялар және т.б.) музыкалық және гуманитарлық колледждер, музыкалық балалар мектебі, шығармашылық мектептер,студиялар және жалпы білім беретін музыкалық үйірмелер, бастауыш, негізгі және дейіндік мектертер;техникалық және кәсіптік, орта білімнің кейінгі білім беретін ұйымдар болып табылады, мәдениет үйлері, клубтар
Кәсіби қызметінің пәні:
жалпы білім беретін мекемелердегі (мектептердегі, лицейлердегі, гимназиялардағы және т.б.) «Музыка» пәні, сыныптан тыс музыкалық-тәрбиелік, ұйымдастырушылық-насихаттау жұмыстары болып табылады.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- білімдік: музыка сабақтарын және сыныптан тыс музыкалық жұмыстарды өткізу, оқушылардың музыкалық дамуын педагогикалық бақылауға алу;
- эксперименттік-зерттеу: қазіргі тыңдағы ақпараттық және білім беру технологияларын қолдана отырып, өзінің педагогикалық қызметін ғылыми негізде ұйымдастыру; жылына бір рет оқушылардың музыкалық даму деңгейінің өлшемін бақылау және айқындап отыру, қойылған білім мен тәрбие міндеттеріне қарай педагогикалық эксперимент жүргізу; өзінің педагогикалық қызметін нәтижесі жөнінде баспасөз және педагогикалық қауым алдында хабарлама жасау;
- ұйымдастыру-басқару: Музыка пәнінен дәріс беру процесінде оқу-тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру; білім алушылардың қызығушылығына қарай сыныптан тыс музыкалық тәрбие және музыкалық үйірмелік жұмыстарды ұйымдастыру; түрлі типтік білім беретін мекемелердегі жас өспірімдермен балалар арасында мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу;
- оқу-технологиялық: тиімді білім беру технологияларын қолдану, оқушылармен музыкалық көрккемдік жұмыстарды жүргізуде сынып жетекшісі, ұйымдастырушы, аға оқытушы, насихаттаушы қызметтерін атқару;
- жобалау: «Музыка» пәніне жылдық күнтізбелік және күнделікті сабақ жоспарын жоспарлай білу; ҚР-ғы саяси қоғамдық, экономикалық және мәдени өмірі негізінде білім алушылармен сыныптан тыс музыкалық көркемдік жұмыстарды ұйымдастырудың жақын арадағы және болашақтағы жоспарларын ұйымдастыру; жыл сайын біліктілікті арттырудың жеке жоспарын жобалау болып табылады.
Практика базалары:
№ 21 орта мектеп-гимназиясы, № 23 орта мектеп лицеі, № 30 орта мектеп