6В01401 – Музыкалық білім

Шифр-мамандықтың атауы:

6В01401 – Музыкалық білім

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2017 жылға жоспарланады

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл

Берілетін дәреже:

6В01401-Музыкалық білім  беру мамандығы  бойынша білім бакалавры

Кәсіби қызметінің саласы:

Білім

Кәсіби қызметінің нысандары:

Жалпы білім беру орталықтары(мектертер, лицейлер, гимназиялар және т.б.) музыкалық және гуманитарлық колледждер, музыкалық балалар мектебі, шығармашылық мектептер,студиялар және жалпы білім беретін музыкалық үйірмелер, бастауыш, негізгі және дейіндік мектертер;техникалық және кәсіптік, орта білімнің кейінгі білім беретін ұйымдар болып табылады, мәдениет үйлері, клубтар

Кәсіби қызметінің пәні:

жалпы білім беретін мекемелердегі (мектептердегі, лицейлердегі, гимназиялардағы және т.б.) «Музыка» пәні, сыныптан тыс музыкалық-тәрбиелік, ұйымдастырушылық-насихаттау жұмыстары болып табылады.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • білімдік: музыка сабақтарын және сыныптан тыс музыкалық жұмыстарды өткізу, оқушылардың музыкалық дамуын педагогикалық бақылауға алу;
  • эксперименттік-зерттеу: қазіргі тыңдағы ақпараттық және білім беру технологияларын қолдана отырып, өзінің педагогикалық қызметін ғылыми негізде ұйымдастыру; жылына бір рет оқушылардың музыкалық даму деңгейінің өлшемін бақылау және айқындап отыру, қойылған білім мен тәрбие міндеттеріне қарай педагогикалық эксперимент жүргізу; өзінің педагогикалық қызметін нәтижесі жөнінде баспасөз және педагогикалық қауым алдында хабарлама жасау;
  • ұйымдастыру-басқару: Музыка пәнінен дәріс беру процесінде оқу-тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру; білім алушылардың қызығушылығына қарай сыныптан тыс музыкалық тәрбие және музыкалық үйірмелік жұмыстарды ұйымдастыру; түрлі типтік білім беретін мекемелердегі жас өспірімдермен балалар арасында мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу;
  • оқу-технологиялық: тиімді білім беру технологияларын қолдану, оқушылармен музыкалық көрккемдік жұмыстарды жүргізуде сынып жетекшісі, ұйымдастырушы, аға оқытушы, насихаттаушы қызметтерін атқару;
  • жобалау: «Музыка» пәніне жылдық күнтізбелік және күнделікті сабақ жоспарын жоспарлай білу; ҚР-ғы саяси қоғамдық, экономикалық және мәдени өмірі негізінде білім алушылармен сыныптан тыс музыкалық көркемдік жұмыстарды ұйымдастырудың жақын арадағы және болашақтағы жоспарларын ұйымдастыру; жыл сайын біліктілікті арттырудың жеке жоспарын жобалау болып табылады.

Практика базалары:

№ 21 орта мектеп-гимназиясы, № 23 орта мектеп лицеі, № 30 орта мектеп

Модульдік білім беру бағдарламасы