6В07207 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы»
Шифр – мамандықтың атауы:
6В07207 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы»
Мамандануы – Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
Дәрежесі – 6В07207 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры;
Бакалаврдың кәсіби қызмет саласы:
тоқыма және жеңіл өнеркәсіп өнімдері мен бұйымдарының технологиясы, дизайны және сапасын бағалау саласындағы өндірістік-техникалық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, жобалау қызметі.
Түлектердің кәсіби қызметінің нысандары:
- тоқыма және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірудің технологиялық процестері;
- өндірістік зертханалардағы тәжірибелік жұмыстар;
- жеңіл және тоқыма бұйымдарын стандарттау және сертификаттау зертханаларында сынақ әдістері.
Түлектердің кәсіби қызмет орны:
- тоқыма және жеңіл өнеркәсіп, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының инженер-технологы, шебері;
- өндірістік зертханаларда инженер-лаборант;
- жеңіл және тоқыма өнеркәсібі өнімдерін стандарттау және сертификаттау орталықтарының маманы;
- тоқыма және жеңіл өнеркәсіп, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының дизайнері.
Оқу мерзімі:
күндізгі – 4 жыл,
Бастапқы таңдау пәні:
математика, физика