Қашықтықтан оқыту бағдарламасы

Бүгінгі күні елімізде «коронавирус» – COVID-19 вирусына байланысты, ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен, ҚР-ның барлық ЖОО-дары қашықтықтан білім алу бағдарламасына ауысты. Осы ретте, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің ПОҚ-ы барлық білім алушылармен белсенді түрде жұмыс жасап, үнемі байланыста болып, сабақ жоспарына сәйкес онлайн-дәрістер, семинарлар, видеоконференцияларды жоғары дәрежеде өткізіп жатқандығын айтып өтуіміз келеді. Соның ішінде, «Музыка және xореография» кафедрасының п.ғ.к., доценті, Мукеева Нұржамал Ерсаиновнаның «Хор дирижерлау» пәні бойынша видео-дәріс арқылы сабағынан үзіндіні ұсынып отырмыз.