7М01405 – Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау
Шифр – мамандықтың атауы:
7М01405- «Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау»
Оқу түрі, мерзімі:
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім:
Ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты – 2 жыл
Бейіндік дайындық бағыты – 1,5 жыл және 1 жыл
Берілетін дәреже:
7M01405 – «Визуалды өнер, Көркем еңбек, графика және жобалау» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі( салалар бойынша ) (ғылыми-педагогикалық бағыт, 2 жыл)
7M01405 – “Визуалды өнер, Көркем еңбек, графика және жобалау” мамандығы бойынша білім магистрі( салалар бойынша ), (бейіндік бағыт, 1 және 1,5 жыл)
Кәсіби қызметінің саласы:
7M01405 – “Визуалды өнер, Көркем еңбек, графика және жобалау” магистрлерінің кәсіби қызмет саласы- педагогикалық процесін сапалы ұйымдастыру және басқару, білім алушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдерін белсенді меңгеруіне, білім берудің жеке маңыздылығы, білім беру процесінің білім алушының жеке тұлғасына бағдарлануы, оның өз-өзін ашуы және өз-өзін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету, әртүрлі педагогикалық технологияларды қолдану, білім алушылардың өз бетімен білім алуы мен кәсіби бағдарлануына жағжай жасау; педагогикалық қызметті психологиялық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс құру, өзіндік кәсіби іс-әрекеттерді, оқытудың объективті заңдылықтары мен заманауи талаптарын ескере отырып, кәсіби оқытуды жоспарлау.
Кәсіби қызметінің нысандары:
Магистратураны бітірушілердің кәсіптік әрекетінің нысаны:
7M01405- «Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау» магистрлерінің кәсіби қызметінің объектілері болып табылады:
- жеке меншік түріне және ведомстволық тәуелділігіне қарамастан, барлық түрдегі және үлгідегі орта білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үдеріс;
- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үдеріс;
- ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалар, кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары.
Кәсіби қызметінің пәні:
Бітірушілердің кәсіби қызметінің пәні білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау болып табылады: зерттеу қызметінде ғылыми-педагогикалық зерттеудің методологиясы мен әдістерін пайдалану; білім алушыларда мета тану қабілеттерін, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ықпал ететін белсенді оқыту әдістерін қолдану, бастамашылық, IT-құзыреттілік; ғылыми зерттеулер; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізу; таңдап алынған ғылыми бағыт бойынша ақпараттық-іздеу жұмыстары болып табылады; ғылыми зерттеулерді орындау үшін жұмыс берушілер мен серіктестерді тарту; ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға, тұтас қабылдауға, кәсіби қызмет саласындағы өмірлік маңызды практикалық міндеттерді шешу үшін бақылау, талдау, болжау қабілетіне бағытталған білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту.
Кәсіби қызметінің түрлері:
7M01405- “Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау” бойынша білім магистрі: кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:
- білім беру (педагогикалық);
- оқу-тәрбие;
- оқу-технологиялық;
- әлеуметтік-педагогикалық;
- мәдени-ағарту;
- көркем-өндірістік;
- Эксперименталды-зерттеу;
- ұйымдастыру-басқару;
- ақпараттық-коммуникациялық
Практика базалары:
СШ №56 г. Актобе, Актюбинский гуманитарный колледж, Башкирский государственный университет г. Стерлитамак Актюбинский областной музей искусств, Актюбинский колледжа сервиса.