Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Қазан Федералдық университеті (Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасы) арасындағы өзара ынтымақтастық келісіміне сәйкес осы университеттің «Дизайн және ұлттық ғылымдар» шетелдік серіктес кафедрасының педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Клара Хакимовна Карамова 2020-2021 оқу жылы 2-жартыжылдық 12-23 сәуір аралығында Кәсіби-шығармашылық факультетінің «Көркем еңбек және дизайн» кафедрасының 5В042100-Дизайн, 6В01405 – Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау білім беру бағдарламаларының студенттеріне  онлайн-дәріс оқуы басталуда.

Негізгі мақсат- ғылыми және білім беру саласында баға жетпес халықаралық тәжірибе, халықаралық мәдениаралық топта сабақ беру және қарым-қатынас жасау тәжірибесін алу, шетел серіктес университет дипломдарын алуға мүмкіндік беруге бағытталған біріккен білім беру бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру болып табылады

Клара Хакимовнаның ғылыми қызметінің негізгі бағыты – болашақ мамандар-дизайнерлерді дайындауда студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру саласындағы зерттеулер болып табылады.