Дизайн кафедрасы – Кафедра тарихы

Дизайн кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Кафедра тарихы

2004 жылы сәуір айында (ЖОО бөлінгеннен кейін) Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің техникалық факультетінде «Дизайн» кафедрасы ашылды. «Дизайн» мамандығы (050421.01– Сәулеттік дизайн, 050421.02–Графикалық дизайн» маманданулары) мен кафедраны ашуға бастамашы  және сол кафедраның алғашқы  меңгерушісі Сагимбаев Адилгали Абдигалиевич болды. Ол 2004 – 2010 жылдар аралығында кафедраға жетекшілік етті.

2010 жылдан 2018 жылға дейін «Дизайн» кафедрасын п.ғ.к., доцент Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі Моменов Боранбай Мурзагалиевич басқарып келеді.

П.ғ.к., доцент Сагимбаев Адилгали Абдигалиевич 2018 жылдың қараша айынан бастап кафедра меңгерушісі қызметін атқаруда.

Дизайн саласының жетекші екі бағыттарының дамуы, яғни әр түрлі стильдегі бағыттармен бағдарлау – жобалаудың маңызды жақтары болып табылады, сонымен бірге ұлттық дәстүрлер айшықтарына басты назар аудару сияқты өзіндік ерекшеліктерге де оқытушылар тарапынан аса көңіл бөлініп келеді. Ұлттық өнер дәстүрлері нәрсенің немесе нысанның   жаңа бағыт-бағдарларына байланысты, шынайы дизайнерлік шешімдерімен бірге оны жоғары шығармашылық деңгейде көтеру: яғни заттың немесе материалдың формасы мен оны өңдеу техникасына, көркемдік сюжеттік  мағынасына байланысты әсемдеп өрнектеу тәсілдерін жетік меңгеру болып саналады.

Оқу процесін 12 оқытушы қамтамасыз етеді. Кафедра құрамындағы оқытушылардың 4-інде ғылыми дәрежелері бар, 3-Дизайнерлер Одағының мүшелері, 3–і Қазақстан Суретшілер Одағының мүшелері және 2-і  Еуразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі.

2008 жылы «Дизайн» кафедрасының ұйымдастыруымен алғашқы «Дизайн – XXI ғасыр: жобалау технологиялары мен әдістері» атты I- Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Аталмыш ғылыми конференцияға Ресей, Түркия және Қытай сияқты елдердің ғалымдары қатысты.

2018 жылы 25-26 қазан айында «Дизайн: жобалау технологиялары мен әдістері» атты IІ- Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы өткізілді. Тікелей байланыста Орынбор мемлекеттік университеті болды. Конференцияда Ресей, Башқортыстан, Беларусь, Қарақалпақстан, Татарстан елдерінен жіберілген мақалалары жарияланды. Қазақстанның әр түрлі қалаларынан ЖОО қатысты.

2016 жылы 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу мамандығы 5 жыл мерзімге мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

Кадрлық құрам:

Сагимбаев Адилгали Абдигалиевич – «Дизайн» кафедрасының меңгерушісі м. а. – п.ғ.к.,  Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ доценті, Казахстан дизайнерлер Одағының мүшесі.

Жақсығарина Мәрзия Жұмашқызы – мәдениеттану кандидаты, профессор, Казахстан Республикасы суретшілер Одағының мүшесі.

Моменов Боранбай Мурзагалиевич –  п.ғ.к., Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ доценті, Казахстан дизайнерлер Одағының мүшесі.

Сибагатова Гулнар Казыбековна – п.ғ.к., ЖАҚ доценті.

Қали Шоқан Абділдәұлы – аға. оқытушы, Казахстан дизайнерлер Одағының мүшесі.

Тналина Нурсулу Халиловна – аға. оқытушы, член Союза Художников Республики Казахстана

Кузнецова Юлия Николаевна – аға. оқытушы, Еуразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі.

Кыдыров Асылбек Абдигалиевич – оқытушы.

Сулейменов Нурлыбек Абилхаирович – педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы, Еуразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі.

Каушева Рита Жанболатовна – өнертану ғылымдардың магистрі, оқытушы.

Калмен Сағыныш Мергенұлы – оқытушы.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы