«Көркем еңбек және дизайн» кафедрасы – Оқу және ғылыми қызметі

«Көркем еңбек және дизайн» кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Оқу және ғылыми қызметі

Кафедраның барлық пәндер бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған, белсенді тарату материалдары толығымен қамтамасыз етілген. Жыл сайын кафедра оқытушылары халықаралық үлгідегі сертификаттарға ие болады. Сонымен бірге, кафедра оқытушылары жыл сайын университет негізінде біліктіліктерін арттырып, сертификат иеленеді. Оқытушылар университет және факультетте ұйымдастырылатын әдістемелік семинарларға қатысып, баяндамалары мен жобаларын сәтті қорғап, өзара тәжірибе алмасады. Кафедра оқытушылары ғылыми-зерттеу жұмысымен айналыса отырып, өздерінің ғылыми мақалары, тезистері, баяндамаларын ғылыми жұмыстар және халықаралық, республикалық конференция жинақтарында жариялайды. Университет негізінде шет тілінде онлайн семинарларына қатысуға жағдай жасалынған.

2018-2019 оқу жылында оқытушы Жеңсікбаева А.Н. Алматы қаласындағы ағылшын тілінде біліктілікті арттыру курсынан, қазан айында Астанадағы Кембриджде біліктілігін арттыру курсынан өтті. Кафедра оқытушылары п.ғ.к.Кургамбеков М.С., аға оқытушылар: Умбетова А.З., Алгартова Г.М. Башқұрт мемлекеттік университетінің (Ресей) Стерлитамак филиалының Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларының редакциялық алқасының мүшелері болып сайланды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша

2018-2019 жылынан бастап Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша, Туркия Республикасы,  Сакария университетінде 5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 2 курс студенттері Құлмағамбетова А., Тыңғина К., 5В012000 «Кәсіптік оқыту» мамандығының 3 студент Жаркимбаева А.Е., Нұрбекқызы Н., Талдыбаева Н.Қ, және 2 курс студенттері Әшір А.Б., Қаразым Н.Б., Ермек А.М. Алматы қаласының Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде білім алуда.

«L.N. GUMILYOV Оқу және ғылыми қызметі добавить

Ағымдағы жылдың 21-ші ақпанында Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Үндістан елінің Хайргарх Курукшетра университетінің «Бейнелеу өнері» кафедрасының профессоры, халықаралық суретші-экслибрис Rakesh Вani-мен оның шәкірті, графика саласындағы бейнелеу өнері магистрі Ишу Джиндалдың жеке графикалық және экслибрис шығармашылық көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Көрмені тамашалауға өңіріміздің өнер саласының бірнеше мекемелерінен қонақтарымыз келді.

Көрмеде қылқалам шеберлерінің 60-тан астам графикалық офортты жұмыстары қойылған. Rakesh Вani-дің айтуынша, офорт техникасы өте күрделі, сонымен қатар көп уақыт пен еңбекті қажет етеді.

Айта кетейік, Үндістандағы Курукшетра университетінің профессоры, PhD Ракеш Бани университетімізге 13 ақпан күні келген болатын. Екі апта аралығында университеттің кәсіби-шығармашылық факультетінің «Көркем еңбек және дизайн» кафедрасының 7М01405, 6В01405 – Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау, 6В02102 –Дизайн білім беру бағдарламасының білім алушылары мен магистранттары үшін оффорт және акватинт техникасы бойынша шеберлік класстары мен дәріс, практикалық сабақтар өткізді.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы