«Музыкалық білім және хореография» кафедрасы – Жетістіктер
«Музыкалық білім және хореография» кафедрасы
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
Жетістіктер
Қазіргі уақытта «Музыка және хореография» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы жоғары кәсіби мамандармен қамтамасыз етіліп, оқу үрдісінде сапалы тәрбие-білім беруде. Айтар болсақ, , PhD философия докторы, доцент, Білім өркениет ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының «ҚР Білім беру саласының көшбасшысы – 2020» төсбелгімен А.Ы.Райымбергенов , ҚР 25 жыл Тәуелсіздігі мерекесіне орай оқытушы, магистр А.А.Ермекбаев төсбелгі медалімен; ҚР мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет грамотасымен»; көп жылғы еңбегі және білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі және Оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау комиссиясының төрағасы міндетін атқарғаны үшін п.ғ.к., доцент Н.Е.Мукеева ҚР композиторлар одағы мүшесіне еніп, ҚР білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Кафедраның оқытушылары, ҚР педагогика ғылым академиясының корреспондент мүшесі; п.ғ.к., доцент Н.Е.Мукееваның жоба тақырыбы: «Научно-методическое обоснование реализации компетентностного подхода при методике преподавания музыкально-исполнительских дисциплин в вузе» (мемлекеттік тіркеу 0117РКИ018).
Қ.Жұбанов атындағы АӨУ доценттері, п.ғ.к. Ж.Е.Зейнуллина «Абай Құнанбаевтың музыкалық мұраларын оқу-тәрбие үрдісіне пайдалану арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру» мемлекеттік тіркеуден өткен авторлық куәлігімен (ҚР ЮМ №1961 04.08.2017 ж, 2020 ж) электронды оқулығы; Н.Е.Мукееваның Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесімен ұсынылған «Методика преподавания музыкального искусства» оқу құралы (Бұйрық №1 17.02.2017 ж.); аға оқытушы А.И.Раимбергеновтың РФ Барнаул қаласы, Алтай мемлекеттік университетінде «Интеграция культур и национальные художественные школы» атты монографиясы жарыққа шықты.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Кәсіби – шығармашылық факультеті, Музыка және хореография кафедрасы 6В01401 – Музыкалық білім және 6В02101 – Хореография мамандығы бойынша 2021 жылы білім алушыларымыз көптеген жетістікке жетіп отыр. Атап өтетін болсақ Орал қаласында өткен II Халықаралық «FOX STAR» ашық конкурстан Гран При, Тараз қаласында «Қош келдің, құтты Наурызым» атты республикалық талантты өнерпаздар конкурсынан Гран При жүлдегірі, «Атадан – мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Республикалық «Ұлтын сүйген ұланбыз» шығармашылық байқаудан Гран При, Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс» атты патриоттық өнер байқауынан вокал бағыты бойынша 1 орын, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт минстрлігі, Нұр – Сұлтан қаласы, Қазақ ұлттық хореография академиясы ұйымдастырған Қазақстан Рнспубликасы Тәуелсіздігіне 30 жылдығына арналған Жоғары оқу орындары білім алушылары арасында пәндік олипиадасынан «Жұбанов жұлдыздары» командасы III дәрежелі орын иеленді. Олимпиадаға қатысқан «Жұбанов жұлдыздары» командасының және соло, би ұжымдарының жетекшісі «Музыка және хореография» кафедрасының оқытушысы, практик – маман, Ресей Федерациясы, Челябинск қаласындағы ФГБОУ ВО «ЮУрГГПУ» университетінің 1 курс магистранты.
V Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған «Живи танцуя» би конкурсынан «Халық биі» Соло номинациясы бойынша I дәрежелі лауреат атанды. «Жас STAR» республикалық хореографиялық байқауынан Гран При жүлдесімен марапатталды. Және де Қазақ би өнерінің қалыптасуына және дамуына үлкен үлесін қосқан Қазақ СССР – нің еңбек сіңірген әртісі, балет бишісі Нұрсұлу Тапалованың 97 жылдығына арналған «Би әлемінің қарлығашы» атты облыстық байқау – фестивалінен I дәрежелі лауреат, «Самғау» би ансамблі IX – Халықаралық балалар мен жастарға арналған «Самға әуен» өнер байқауынан 1 орынға ие болды.
«Музыка және хореография» кафедрасының оқытушылары Куспанов Мербол Оразбекович, Карагулов Айбек Елубаевич, Абдирова Ғазиза Алпысбаевна, Қалдыбаева Анаргул Сабыржановналар білім алушы студенттерерге жетекшілік етіп концерт, мерекелік іс-шараларға және фестиваль-байқауларға дайындады.
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы