«Музыкалық білім және хореография» кафедрасы – Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
«Музыкалық білім және хореография» кафедрасы
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
Менкешева Толкын Максимовна 1995 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөба педагогика институтының музыка факультетін бітірді. «Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыруда болашақ мұғалімді дайындау» тақырыбында педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғады. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөба педагогика институты музыка кафедрасының меңгерушісі қызметін абыроймен атқарды. Қазір Канаданың Калгари қаласында ғылыммен айналысуда.
Арынгазиева Айгуль Амангазыевна 1974 жылы дүниеге келген. 1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Музыка және ән» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын №3 Алға орта мектебінде мұғалім, мектеп директорының орынбасары, 2007-2009 жылдары Ақтөбе қаласындағы №22 мектептің директоры, 2009-2011 жылдары Ақтөбе қалалық білім бөлімінің бастығы, Ақтөбе облыстық білім басқармасының бастығы, 2012 жылдан бастап Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Айтбаева Светлана Ермековна 1996 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Музыка және ән» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының әншісі, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты. Есімі «Қазақстанның даңқты ұлдары мен қыздары» айдары бойынша «Қазақстанның үздік адамдары» кітап-энциклопедиясына енген. Облыстық мәслихаттың 25 жылдығы медалімен, Астана қаласының 20 жылдығы мерейлік медалімен марапатталған.
Тұрмағамбетова Бақыт Жолдыбайқызы 1996 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Музыка және ән» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2009 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының түлегі. ҚР БжҒМ Ғылым комитеті М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын бітірді. 2010-2012 жылдары дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия иегері. 2018-2019 мемлекеттік ғылым саласындағы стипендия иегері.
Бүгінгі күні Х. Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Музыка және өнер» кафедрасының меңгерушісі, өнертану кандидаты, музыкатанушы.
2009 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының «Ұлттық музыка контекстіндегі Батыс аймағының ән мәдениеті» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.
Жартыбаева Алтынгуль Ашыкбаевна 1996 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Музыка және ән» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
2008 жылдан бастап Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтының «Музыкалық білім» кафедрасына оқытушы қызметіне қабылданды. Бүгінгі күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Музыка және хореография» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі.
2011 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 6М010600-Музыкалық білім мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2013 жылы «Ақтөбе өңірінде музыкалық білім мен тәрбие берудің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында магистерлік диссертациясын қорғап келді.
Зейнуллина Жангак Ершековна Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің музыка факультетін бітірді. «Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру» тақырыбында педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғады. Қ. Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің музыка және хореография кафедрасының доценті. 40 жыл ұстаздық қызметінде күш-жігерін болашақ маман жас ұрпаққа сапалы білім берумен қатар, сабақтан тыс эстетикалық тәрбие беруде көптеген мәдени іс-шараларға арнады. Облыс, қала мектептерінің мұғалімдеріне «Музыка арқылы эстетикалық тәрбие беру» тақырыбында үнемі кеңес береді.
Шығарылған еңбектері: «Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру» монографиясы, «Музыка бағдарламасына қосымша интеграциялап оқыту» 1-3 сыныптар үшін әдістемелік құрал, «Жоғары оқу орнындарында сабақтан тыс эстетикалық тәрбие жұмыстары» әдістемелік құрал, «Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі» оқулығының авторы. Бұған қосымша «Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру» арнайы курс бағдарламасын университеттің оқу үрдісіне енгізді.
Нұрболат Абдуллин 2008 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Музыка және ән» мамандығы бойынша бітірген. Танымал орындаушы, Қазақстанда ғана емес, Түркия, Моңғолия және Қытай елдеріне белгілі әнші. Астана және Алматы қалаларының Әкімдері атындағы конкурстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымының солисі.
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы