«Көркем еңбек және дизайн» кафедрасы – Кафедра тарихы

«Көркем еңбек және дизайн» кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Кафедра тарихы

«Көркем еңбек және дизайн» кафедрасы

«Көркем еңбек және дизайн» кафедрасы 2019 жылы маусым айында құрылды. Құрамында бес мамандық бар 6В02102-Дизайн, 6В01405, 7M01405-Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау, 6В07207-Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы.

 Қазіргі кезеңде кафедрада:

1 профессор 7 ғылым кандидаты, 9 аға оқытушы-магистр, 8 оқытушы-магистр,  6 оқу шеберлері, 3 зертханашы қызмет атқарады.  Кафедраның оқытушылар құрамы бүгінгі заман талабына сай кәсіби шеберлігі жоғары деңгейдегі педагог-кадрларды дайындау мақсатында жемісті еңбек етуде. Мәдениеттану ғылымдарының кандидаты, профессор М.Ж.Жақсығарина., п.ғ.к., доценттер: М.М.Шаштыгарин., М.А.Сутеева.,  Г.К.Сибагатова., Б.М.Моменов., А.А.Сагимбаев., М.С.Кургамбеков, аға оқытушы-магистрлер: Қ.Р.Қобланов., Ж.Қ.Есенгулов., Н.Х.Тналина., Ю.Н.Кузнецова., Г.Ж.Кудасова, Алгартова Г.М., Г.Б.Кемалова., А.А.Кыдыров.,  А.К.Кангельдин.,   оқытушы-магистрлер: Н.Қ.Жубаев., С.К.Кенжегалиева., М.А. Сутеева., С.К. Танирбергенова.,  А.К. Жанпейсова., Р.Ж. Каушева., Г.Б. Бокаева., М.Н. Аймагамбетов., А.Н. Жеңсікбаева., А.Б. Аймагамбетова.,  Ж.М. Молданиязов., А.М. Абдулла., З.Б. Тайманова., Р.А. Тилеужанова., А.А. Алдиярова., Г.Ш.Тілесова оқу шеберлері мен зертханашылар: Т.Е. Қарасаев., Г.Б.Куанов., жұмыс жасайды.

Кафедра бойынша әр мамандықтың өзінің шығу тарихы бар. Олай болса қазіргі таңда 5В012000-Кәсіптік оқыту деп аталатын мамандық алғашқыда 1987 жылы Ақтөбе педагогикалық институты  кезіндегі алғашқы кафедралардың бірі болатын.

Педагогикалық бейіндегі мамандарды даярлайтын физика-математикалық факультетінің бұрынғы кафедралары. Оның қалыптасу мен дамуы ұзақ мерзімді  қамтиды: физика-математикалық факультеттің құрамында ашылып, институттың  педагогикалық мамандықтарын массалық қамтамасыз етуден бастап, «Жалпытехникалық пәндер және еңбек», «Кәсіптік оқыту» кафедрасына өту кезеңіне дейін жұмыс істеп келе жатыр.

Студенттерге дәріс берген оқытушылардың бірі п.ғ.к., доцент Т.К. Мусалимов, аға оқытушы Х.Б.Құрақбаев болған. 1991-1998 жж  бұл кафедра Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті инженер-техникалық факультетінің құрамында жұмысын жалғастырды. Кафедраға әр жылдары педагогика ғылымының ғалымдары  басшылық жасады кафедра меңгерушісі болып т.ғ.к., доцент Е.Б.Байманов, аға оқытушылар М.Ш.Дартаев, Х.Б.Құрақбаев, ф-м.ғ.к. Б.Ж.Жаумитов, ф-м.ғ.к., профессор О.Б.Баймаганбетов. Сонымен қатар  2004 жылдан бастап «Еңбек технологисы» кафедрасы  Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының    құрамында жұмыс жасап келді, кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к., доцент Г.Қ. Сибагатова, п.ғ.к., аға оқытушы С.К.Танирбергенова., п.ғ.к., доцент М.М.Шаштыгариндер қызметтер атқарды. Бітірген түлек Уразбаева Лаззат Аманжолқызы 2017 жылдан бастап  Ақтөбе облыстық білім басқармасының  басшысы қызметін атқаруда.

5В010700-«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша Т.Қ.Мусалимов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор. 1991-2004 “Бейнелеу өнері және сызу” кафедрасының меңгерушісі, мамандықтың негізін қалаушы.  2004-2005 кәсіби-шығармашылық факультетінің деканы.

Кәзіргі таңда Астана қаласы Л.Гумилев атындағы Евразиялық Университетінің  «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасының профессоры. 2004 жылы «Бейнелеу өнері және сызу»  мамандығының кафедра меңгерушісі педагогика ғылымының кандидаты Самуратова Т.К. басқарды.  2004 жылы сәуір айында (ЖОО бөлінгеннен кейін) Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің техникалық факультетінде «Дизайн» кафедрасы ашылды. «Дизайн» мамандығы (050421.01-Сәулеттік дизайн, 050421.02-Графикалық дизайн» маманданулары) мен кафедраны ашуға бастамашы  және сол кафедраның алғашқы  меңгерушісі Сагимбаев Адилгали Абдигалиевич болды. Ол 2004-2010 жылдар аралығында кафедраға жетекшілік етті. 2010 жылдан 2018 жылға дейін «Дизайн» кафедрасын п.ғ.к., доцент Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі  Моменов Боранбай Мырзағалиұлы басқарып келді. Қазіргі уақытта кафедраны п.ғ.к. доцент М.С. Кургамбеков   жетекшілік етеді.

Кафедра жұмыс жасап келе  жатқан уақыттан бері білім беру мен қоғамның басқа салаларында жоғары кәсіби деңгейдегі мамандар даярлап, бүгінде біздің түлектеріміз еліміздің әр түрлі мекемелерде жұмыс жасап жүр. Кафедраның білім беру бағдарламаларының дамуындағы атаулы жетістіктерімен және университеттің академиялық саясатына белсенді қатысуынан бүгінде мынандай түйін жасауға болады: еңбек нарығында сұранысқа ие ғылыми –педагогикалық кадрлар мен жоғары білікті мамандар даярлауда. Кафедрада негізгі педагогикалық білім беру міндеттері төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • оқу сапасын арттыру және студенттердің білім алуы мемлекеттік талаптарға сәйкес болу шараларын қамтамасыз етуге керекті оқу жүйесінің құжаттарын жоғары деңгейде дайындау;
  • пәндер бойынша керекті оқулықтармен қамтамасыз ету, оқу- әдістемелік, көрнекілік құралдарды мүмкіншілігінше жаңарту;
  • оқутышылардың білім деңгейін көтеру және сабақты сапалы өткізу шараларын қарастыру, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының денгейін көтеруге нақты шаралар қабылдау;
  • студенттердің курстық, дипломдық жұмыстарын сапалы, көрсетілген мерзімде орындауын қадағалау және талап ету;
  • Студенттердің кәсіби практикасының кафедра филиалдары базасынан өткізу негізінде дуалды оқыту жүйесінің элементтерін жандандыру;
  • Жаңартылған бағдарлама негізінде студеттерге пәнаралық байланыстың тығыз болуы керектігін және арнайы пәндік білімдерін жетілдіруімен жаңалық әкелуіне мүмкіндік беру;
  • Академилық ұтқырлық бағдарламасы бойынша алыс және жақын шет елдерімен байланыс жасау (шетел ғалымдарын шақыру, ПОҚ шетелдерге шығып сабақ беру, студенттердің басқа Отандық, шетелдік ЖОО бір семестр көлемінде дәріс алу, шетелдік студенттерді шақыруды қамтамасыз ету).
  • Білім беру саласының түбегейлі өзгеруіне байланысты мамандықтың ерекшеліктеріне ескере отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие бірнеше траекториямен жұмыс жасау негізін қамтамасыз ету.

2018 жылы 25-26 қазан айында «Дизайн: жобалау технологиялары мен әдістері» атты IІ- Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы өткізілді. Тікелей байланыста Орынбор мемлекеттік университеті болды. Конференцияда Ресей, Башқортыстан, Беларусь, Қарақалпақстан, Татарстан елдерінен жіберілген мақалалары жарияланды. Қазақстанның әр түрлі қалаларынан ЖОО қатысты.

2017 жылы 5В042100 – “Дизайн” мамандығы 5 жыл мерзімге мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

5В010700-Бейнелеу өнері және сызу бакалавриат мамандығы бойынша 2018 жылығы АРТА рейтингісіне қатысушы жоғары оқу орындарының арасында 1-ші орын алды.

Кадрлық құрамы:

Кургамбеков Мергембай Сейплмаликович – «Көркем еңбек және дизайн» кафедрасының меңгерушісі – п.ғ.к.,  Қ.Жұбанов атындағы АӨУ доценті.

Шаштыгарин Муса Мустафиевич – п.ғ.к.,  Қ.Жұбанов атындағы АӨУ доценті.

Сутеева Майра Ақботақызы –  п.ғ.к., Қ.Жұбанов атындағы АӨУ доценті, Казахстан дизайнерлер Одағының мүшесі.

Моменов Боранбай Мурзагалиевич –  п.ғ.к., Қ.Жұбанов атындағы АӨУ доценті, Академик, Казахстан дизайнерлер Одағының мүшесі.

Жақсығарина Мәрзия Жұмашқызы – мәдениеттану кандидаты, профессор, Казахстан Республикасы суретшілер Одағының мүшесі.

Сагимбаев Адилгали Абдигалиевич – «Дизайн» кафедрасының меңгерушісі м. а. – п.ғ.к.,  Қ.Жұбанов атындағы АӨУ доценті, Казахстан дизайнерлер Одағының мүшесі.

Сибагатова Гулнар Казыбековна – п.ғ.к., ЖАҚ доценті.

Умбетова Акбота Зейнешовна – аға оқытушы

Кобланов Конысбек Райысович – аға. оқытушы, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі

Есенгулов Жанибек Кутокожиевич – аға. оқытушы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі

Тналина Нурсулу Халиловна – аға. оқытушы, член Союза Художников Республики Казахстана

Кузнецова Юлия Николаевна – аға оқытушы, Еуразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі.

Кангельдин Айболат Кабилбекович – аға оқытушы, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі

Кудасова Гульмира Женисовна – аға оқытушы.

Жубаев Назар Кантарбаевич – аға оқытушы.

Кыдыров Асылбек Абдигалиевич – аға оқытушы.

Алгартова Гүлжан Мақатқызы – педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.

Кемалова Гулжанат Балтабековна – педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.

Жеңсікбаева Асылзат Нұрлыбекқызы – өнертану магистры, оқытушы.

Каушева Рита Жанболатовна – өнертану ғылымдардың магистрі, оқытушы.

Таттыбаев Жанибек Каржауович – оқытушы-практик

Тайманова Зура Борангалиевна – Педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы

Аймаганбетов Муканбеткали Нурашович – Өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы

Барбосынова Гаухар Ералиевна – Өнертану ғылымдарының магистірі, аға оқытушы

Тилеужанова Ругайда Амантаевна – Педагогика және психология магистрі, оқытушы

Молданиязов Жарас Манасұлы –  Өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы

Абдигалиев Еркебулан Мырзабергенович – педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы

Алдиярова Айгүл Ағанасқызы – Өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы

Абдулла Алиби Муратулы – педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы