«Музыкалық білім және хореография» кафедрасы – Оқу және ғылыми қызметі

«Музыкалық білім және хореография» кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Оқу және ғылыми қызметі

Кафедраның аға оқытушы А.И.Раимбергенов 2016 жылдың 26 қаңтарында «Особенности художественной жизни в Актюбинской области Республики Казахстан 1920-1960 гг.» тақырыбында Алтай мемлекеттік университетінің Д212.005.09 ФГБОУ ВО диссертациялық Кеңесінде 17.00.04 – «Изобразительное и декоративно-прикладное искусство и архитектура»  мамандығы бойынша кандидаттық  диссертациясын қорғап PhD философия докторы атағын алды.

Кафедраның барлық пәндер бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған, белсенді тарату материалдары толығымен қамтамасыз етілген. Жыл сайын кафедра оқытушылары халықаралық үлгідегі сертификаттарға ие болады. Сонымен бірге, кафедра оқытушылары жыл сайын университет негізінде біліктіліктерін арттырып, сертификат иеленеді. Оқытушылар университет және факультетте ұйымдастырылатын әдістемелік семинарларға қатысып, баяндамалары мен жобаларын сәтті қорғап, өзара тәжірибе алмасады. Кафедра оқытушылары ғылыми-зерттеу жұмысымен айналыса отырып, өздерінің ғылыми мақалары, тезистері, баяндамаларын ғылыми жұмыстар және халықаралық, республикалық конференция жинақтарында жариялайды. Университет негізінде шет тілінде онлайн семинарларына қатысуға жағдай жасалынған. Атап айтсақ,  п.ғ.к., доцент Н.Е.Мукеева  Алматы қаласында ағылшын тілінде біліктілікті арттыру курсынан SWISS American ACADEMY SA, «Rosetta stone»; оқытушылар А.Ж. Байшукурова және А.Қ Алиева, С.К.Мухтарова, А.С. Қалдыбаева., С.А. Тауекелдер өтті.

Кафедраның профессор-оқытушылары п.ғ.к., доцент Н.Е.Мукеева М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті; доцент, PhD доктор А.И.Раимбергенов Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында ұлттық академиялық бағдарламасымен тәжірибе алмасты. Сонымен қатар 6В01401 -Музыкалық білім мамандығының студенттері Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Қытай елі, Іле педагогикалық институты мен Түркия Республикасы,  Сакария университетімен байланыс жасап келеді (Ж.Көжекбаев, А.Әлібайқызы, А.Есболаева, Г.Науанова  және Ж.Ұзақбаевалар білім алып келді).

Мамандықтардың білім беру бағдарламаларын аккредиттеу 2017 жылғы 22 желтоқсанда өтті.

6В01401 – «Музыкалық білім» ББ

Оқу нысаны, мерзімі:

Күндізгі-4 жыл

Арнаулы орта білімнен кейінгі 3 жыл; жоғары оқу орнынан кейін 2 жыл

Дәрежесі: 6В01401 – «Музыкалық білім» ББ бойынша білім бакалавры

Кәсіби қызмет объектілері.

Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері:

  • жалпы білім беретін мектептер;
  • лицейлер;
  • гимназиялар.

Кәсіби қызмет пәндері-музыка сабақтары, сыныптан тыс музыкалық-тәрбиелік, жалпы білім беретін мектептерде, лицейлерде, гимназияларда ұйымдастырушылық-насихаттық жұмыс көрсетеді.

Кәсіби қызмет түрлері.

  • 6В01401 – «Музыкалық білім» ББ бойынша бакалаврлар кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық: әр түрлі типтегі жалпы білім беру ұйымдарында балалармен және жастармен музыкалық, мәдени-ағартушылық қызметті ұйымдастыруды жүзеге асыру;
  •  өндірістік-технологиялық: оқушылармен музыкалық жұмыста сынып жетекшісі, ұйымдастырушы, ағартушы, насихаттаушы функцияларын орындау;
  • есептік-жобалық: республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірін ескере отырып, оқушылармен сыныптан тыс музыкалық-көркем жұмысты ұйымдастырудың таяу және перспективалық жоспарларын жүзеге асыру;
  • эксперименттік-зерттеу: ғылыми негізде өз жұмысын заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұйымдастыру, оқушылардың жас және жеке-типологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып, педагогикалық эксперимент жүргізу;
  • білім беру (педагогикалық): музыка сабақтарын және сыныптан тыс музыкалық сабақтарды өткізу, оқушылардың музыкалық дамуына педагогикалық бақылау жүргізу.

Кәсіби қызметтің функциялары:

  • білім беру;
  • ағартушылық;
  • тәрбиелік.

Мамандығы бойынша кәсіби қызмет саласы

6В02101 – «Хореграфия» ББ

6В02101-Хореография ББ бойынша өнер бакалавры өзінің кәсіби қызметін хореография және театр өнері, мәдениет, білім, спорт саласында жүзеге асырады.

6В02101 – «Хореография» ББ  бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің объектілері:

  • хореографиялық колледждер, мектептер;
  • театрлар;
  • мәдениет мекемелері (шығармашылық орталықтар, мәдениет сарайлары мен үйлері, студиялар, клубтар, мектептер, балалар мекемелері және т.б.).

6В02101 – «Хореография» ББ бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің пәндері:

  • үздіксіз және қосымша білім беру жүйесіндегі хореографтардың педагогикалық қызметі;
  • шығармашылық ұжымды ұйымдастыру және басқару.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • шығармашылық;
  • ұйымдастырушылық және шығармашылық;
  • білім беру(педагогикалық);
  • оқу-тәрбие;
  • мәдени-ағартушылық.

Кәсіби қызметтің функциялары:

  • білім беру (педагогикалық);
  • ғылыми-зерттеу;
  • мәдени-ағартушылық;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық.

Мамандығы бойынша кәсіби қызмет саласы

6В11102  – «Мәдени – тынығу жұмысы» ББ

6В11102  – Мәдени – тынығу жұмысы ББ бойынша өзінің кәсіби қыызметін көрсету саласында жүзеге асырады.

6В11102  – «Мәдени – тынығу жұмысы» ББ бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің объектілері:

  • мәдени – демалыс қызметі ұйымдары;
  • клуб мекемелері, мәдениет үйлері, халық шығармашылық үйлері;
  • шығармашылық орталықтары;
  • мектептен тыс білім беретін  ұйымдар;
  • мәдени – ағарту ұйымдары;
  • мәдени – тынығу мекемелері.

6В11102  – «Мәдени – тынығу жұмысы» ББ бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің пәндері:

үздіксіз және қосымша білім беру жүйесіндегі мәдени – тынығу қызметі;

шығармашылық ұжымды ұйымдастыру және басқару.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • шығармашылық;
  • ұйымдастырушылық және шығармашылық;
  • оқу-тәрбие;
  • мәдени-ағартушылық.

Кәсіби қызметтің функциялары:

  • қызмет көрсету (ұйымдастырушылық);
  • ғылыми-зерттеу;
  • мәдени-ағартушылық;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық.

Тәжірибе базалары:

  • Ақтөбе қаласының № 56 жалпы білім беретін орта мектеп
  • Ақтөбе қаласының №23 орта мектеп-лицейі
  • Ақтөбе қаласының № 38 жалпы білім беретін орта мектеп
  • Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы
  • Геолог мәдениет үйі
  • Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы
  • Облыстық халық шығармашылық үйі.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы